← Артқа

Қалиев Ғабдолла

Филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Қалиев – қазақ диалектологиясы ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым. Ол 1929 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1950 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет атқарып, қазіргі қазақ тілі, жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедраларын басқарған. Ғалымның негізгі зерттеу бағыттары – қазақ тілінің диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы және әдеби тіл тарихы. Ол қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін алғашқылардың бірі болып говорлық деңгейде зерттеді. «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» атты еңбегі түркі диалектологиясындағы маңызды зерттеулердің бірі саналады. Ғ.Қалиев қазақ тіліндегі алғашқы диалектология оқу құралын жазып, аймақтық сөздіктерді жасауға қатысқан. Сонымен қатар «Қазақ әдеби тілінің сөздігін» құрастыру жұмыстарына атсалысты. Оның жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докторы дайындалды. Ғалым көптеген марапаттар мен оқу-ағарту саласының үздігі атақтарына ие болған.

Зерттеу еңбектері

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы Оқу →