Филология ғылымдарының докторы, профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызы 1950 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Кеген орта мектебін аяқтап, 1968 1973 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Академик Ә.Т.Қайдаровтың жетекшілігімен 1993 жылы «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің варианттылығы» атты кандидаттық диссертациясын, 1998 жылы «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері» докторлық диссертациясын қорғады. Профессор Г.Н.Смағұлова фразеология саласында көптеген зерттеулер жазып жүрген ғалым. Қазіргі ғылыми зерттеу бағыттары: қазақ тілінің фразеологиясы, шешендік сөздер дискурсы, лингвоакциология, когнитология т.б.