← Артқа

Сагидолда Гүлгайша

Филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлгайша Сагидолда – түркітану, этнолингвистика және салыстырмалы тіл білімі салаларында еңбек етіп жүрген белгілі ғалым. Ол 1986 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен тәмамдаған. 1993 жылы «Түркі-моғол тілдік байланысының топонимияда бейнеленуі» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 2004 жылы «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны (қазақ және моңғол тілдері материалдары негізінде)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми жетекшілері – профессор Е. Қажыбеков пен академик Рәбиға Сыздықова. Ғалым әр жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында, Шығыстану институтында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Халықаралық Түркі академиясында қызмет атқарған. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры. Оның негізгі зерттеу бағыттары – түркітану, фразеология, этнолингвистика және салыстырмалы тіл білімі. Ғалымның 160-тан астам ғылыми еңбегі, бірнеше монографиясы, оқулықтары мен сөздіктері жарық көрген.

Зерттеу еңбектері

Түркі –моңғол дүние бейнесінің тілдік фрагменттері Оқу →