← Артқа

Рахила Үрімова Кенжебекқызы

Филология ғылымдарының кандидаты Рахила Үрімова Кенжебекқызы – қазақ фразеологиясы мен аймақтық тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалым, тәжірибелі әдіскер. Ол 1975 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның негізгі зерттеу бағыты – қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты. Оның «Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты» атты ғылыми еңбегі мен көптеген әдістемелік құралдары жарық көрген. Қазіргі таңда Рахила Кенжебекқызы Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуына әдістемелік жетекшілік жасап келеді. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындау және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бағытында белсенді еңбек етуде.

Зерттеу еңбектері

Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты Оқу →