Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Күлдірсін Сарышова – қазақ фразеологиясы, когнитивті лингвистика және этнолингвистика бағыттарында зерттеу жүргізіп жүрген ғалым. Ол 1964 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1981–1986 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде білім алған. Күлдірсін Сейтжанқызы 1995 жылдан бері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті құрамында қызмет атқарып келеді. Ғалымның негізгі зерттеу бағыттары – қазақ фразеологиясы, психолингвистика, когнитивті лингвистика және лингвоелтаным мәселелері. Оның «Эмоцияны бейнелейтін қазақ фразеологизмдері», «Эмоционалды фразеологизмдердің когнитивті-семантикалық парадигмалары», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» секілді еңбектері ғылыми ортада кеңінен танылған. Сонымен қатар ғалымның мақалалары халықаралық Scopus және Web of Science базаларындағы ғылыми журналдарда жарияланған.