Филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы – арабистика, түркітану және шығыстану салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген белгілі ғалым. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып келеді және қазіргі таңда Арабтану орталығының директоры болып жұмыс істейді. Баян Нұрсұлтанқызы 1980–1985 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің араб бөлімінде білім алып, шығыс тілдері мен әдебиеті (араб филологиясы) мамандығын тәмамдаған. Біліктілігі бойынша филолог, қазақ тілі, араб тілі мен әдебиетінің оқытушысы. Ғалымның 100-ден астам ғылыми мақалалары, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген. Оның еңбектері қазақ тіл біліміндегі кірме фразеологизмдер мен шығыс мәдениетінің тілдік ықпалын зерттеуде маңызды орын алады.