← Артқа

Балақаев Мәулен Балақайұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаев 1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылында дүниеге келген. Қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері. М.Балақайұлының ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі, 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі.

Зерттеу еңбектері

Қазақ тілінің стилистикасы Оқу →