← Артқа

Авакова Раушангул Амирдиновна

Филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Раушангул Амирдиновна– қазақ фразеологиясы мен лингвомәдениеттану саласының белгілі маманы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдап, осы оқу орнында аспирантурада білім алған. 1991 жылы «Қазіргі ұйғыр тілінің етістік фразеологизмдерінің семантикалық-морфологиялық сипаттамасы» тақырыбында кандидаттық, ал 2003 жылы «Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. Ғалымның негізгі зерттеу бағыттары – жалпы және түркі тіл білімі, фразеология, лингвомәдениеттану, екітілді лексикография және түркі тілдері фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Оның 150-ден астам ғылыми еңбегі, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген. Сонымен қатар бірнеше ғылым кандидаттарын даярлап, қазақ тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістемесімен де айналысып келеді.

Зерттеу еңбектері

Фразеосемантика Оқу →